Екі адам мұз астына түсіп кетті

/image/2019/11/24/crop-87_2_508x677_oralda-muzgha-tusip-ketti.jpg

Оралда екі ер адам мұз астына түсіп кетті, –  деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысындағы төтенже жағдай департаментінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін Желаев кентінде болды.

Сағат 17.30-да "Орыс моншасы" ауданында жасанды су қоймасында конькимен сырғанау кезінде ер адамның мұздың астына түсіп кеткен.

Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) сағат 17.49-да жеткенде екі адамның сондай жағдайға тап болғаны анықталды. Олардың екеуі де құтқарылды. 1989 жылғы ер адам конькимен сырғанаймын деп мұздың астына түсіп кетсе,  ал 1967 жылғы азамат оған жәрдем бермек болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова: "1989 жылғы ер адам медициналық көмекке жүгінді. Жарақат алмаған. Денесі тоңазыған ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді" – дейді.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи