«Славян базары- 2015» халықаралық ән байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенді бүгін Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдап, жеңісімен құттықтады. Жас әншіге сондай-ақ, бес миллион теңге сыйақы табыс етілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «31» арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Димашты қазілар мен көрермен атақты орыс әншісі Витасқа теңеген. Әнші байқаудың тарихында алғаш рет жеңіске жеткен қазақ өнерпазы болып табылады. Кең диапазонды дауыс иесі екі күннің қорытыңдысы бойынша, 175 ұпай жинады. Ресей, Украина,Грузия,Румыния, Болгария, Армения сынды елдердің жиырмадан астам өнерпаздарының арасынан ерекшеленген Димаш байқаудың шарты бойынша алғашқы күні славян хитын, екінші күні француз тілінде әлемдік дәрежедегі хит орындады. Ұлттық нақышта оюланып тігілген концерттік костюмдерінен қазақтың иісі шығып тұрды. Гран при иесі байқаудың соңғы күні қазақтың Дайдидау әнін орындап жұршылықты керемет дауысымен тәнті етті. « Славян базары- 2015» байқауының жеңімпазы ретіңде жиырма мың доллар сыйақыға ие болды. Айта кетейік, Димаштың байқаудағы жеңісінен кейін туған жерінде дүниеге келген егіздің біріне әншінің құрметіне Димаш есімі беріліпті.
ДИМАШ ҚҰДАРБЕРГЕН, әнші:
- Басты арманым Ресейге, өзгеде елдерге қазақ әндерін насихаттау , ана тілімде ән айтып оларды сахнасына шығару. Оларда культсовет бар сонда да мен өз тілімде әндер айтқым келеді.
Оставить комментарий