Министр қазақстандықтардың елден кетуіне не себеп болғанын айтты

/image/2019/12/05/crop-70_2_518x691_36_main.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов сыртқы көші-қон туралы сөз сөйледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол орташа есеппен жыл сайын республика аумағынан 20 мың адам кететінін атап өтті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 29 мың адамды құрады.

Негізінен, қазақстандықтардың көбісі ТМД елдеріне көшеді. Қазақстандықтардың елден көшуіне тарихи отанына оралу, білім алу және жұмысқа орналасу себеп болған. 

Министрдің айтуынша, көптеген адамдар өздерінің өмірлерін жақсартып, лайықты әрі жоғары жалақы алатын жұмыс табу үшін Қазақстаннан кетеді.

"Көпшілік жақсы өмір сүргісі келеді. Сондай-ақ жоғары жалақы іздеп, шетелге көшеді. Бұл АҚШ-та жиі кездеседі", - деді министр. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи