Енді жалақы бермейтіндерге айыппұл салынады  

/image/2019/12/19/crop-6_21_499x887_161ba627e3661d1e965d83f69ca388df_xl.jpg

Тіпті, ол үшін есепшоттары бұғатталып, мүлкі тәркіленеді делінген. Бұл туралы «Qamshy.kz» ақпарат агентігі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол – ол ма, қандай да бір жұмыс ұсынушы тарап қызметкерінің айлығын бермеген күннен бастап 0,25 пайыз мөлшерінде айыппұл да салынбақ. Өз кезегінде бұл да жұмысшының уақтылы жалақы алуына әсер етеді дейді мамандар. 

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбек кодексіндегі бұл түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне енуі мүмкін екенін айтады.

"Бұл кодекс жеке заң ретінде парламенттің қарауында. Онда мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымы сот орындаушысының құжатымен тексеріледі. Бұл бізге жалақы бойынша берешекті басқа жолмен, мәселен, шотты бұғаттау, мүлікті тәркілеу арқылы алуға мүмкіндік береді», – дейді министр.

«Мүмкіндік» демекші, биыл еңбек инспекторлары прокурорлармен бірлесіп біраз жұмыс атқарған. Нәтижесінде, жұмыс берушілерден 5 млрд. теңгеден астам жалақылық қарыз өндіріп алынды. Өкініштісі, «қанаушы топ» саны мұнымен шектелмей отыр. Бүгінде өзіне тиесілі еңбекақысын толық ала алмай жүргендердің ұзын саны 5 мыңнан асып жығылады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи