Тасмағамбетовтың қызметін кім атқарады?

/image/2019/12/19/crop-79_4_283x377_8c1a7125dcf11cad1a4b.png

Қазақстанның Ресейдегі елшісінің міндетін кеңесші-елші Нұржан Қаджиакбаров атқарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді хабарлады. 

"Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Нұржан Каджиакбаров, елшіліктің екінші адамы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілі. Ол елшілікте жұмыс істеді және жаңа елші тағайындалғанға дейін қызмет етеді", - деді министр.

Министр Тасмағамбетовтің қызметтен кетуіне байланысты пікір білдірді. 

"Ол зейнет жасына шыққан соң өз еркімен жұмыстан босатылды.  Сондықтан менің түсінуімше, ол СІМ жүйесінде қалмайды" , -деді министр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи