Өтініштер мен құжаттар almaty-jastary.kz сайты арқылы 29 желтоқсанға дейін қабылданады.
Авторизация сайтта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады.
Екінші пул бойынша Алатау ауданындағы 546 пәтер берілмек. Жалдау мерзімі – 5 жыл.
Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
– 29 жасқа толмаған орта немесе жоғары білімі бар жұмыс істейтін жастар;
– Соңғы екі жылда Алматы қаласында тіркеуде тұрған азаматтар;
– Өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс;
– Соңғы алты айда 101 мың теңгеден кем емес жалақысының болуы;
– Банкте жинақ шоттың болуы.
Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көпұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.
Бағдарлама қатысушылары өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу нәтижесін жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеттен өздері бақылап отыруы қажет.
Оставить комментарий