Астанада өткен Stem олимпиадасының жүлдегерлері анықталды

/image/2019/12/23/crop-13_8_580x773_4-qarasha-bayqau.jpg

Нұр-Сұлтанда тұңғыш республикалық STEM олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Барлығы 4 номинация бойынша 36 жеңімпаз команда анықталды. Олимпиаданы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Астана  Innovations» АҚ ұйымдастырды. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам оқушыны құраған 140 команда қатысты. «Инновациялық білім олимпиадасы жыл сайын өзіндік рөлін айқындай түседі. Ал келесі жылдан бастап халықаралық конкурсқа айналады», - дейді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Арыстан Қазжанов.

Бұл іс-шара ғылыми және техникалық білімнің дамуына зор әсер етеді. Барлығы 4 номинация бойынша 36 жеңімпаз команда анықталды: 3D үлгілеу, инженерлік математика, бағдарламалау және жобалық робототехника. Елордалық №38 және №73 мектептері, сондай-ақ Дарын ММИ (Қарағанды қаласы) ең көп номинацияларға ие болды.

Жеңімпаздар 3D принтер, ноутбук, дрон, робототехника жиынтықтары, сауықтыру лагеріне жолдама секілді түрлі жүлделерге ие болды.

Айта кетейік, STEM – техникалық білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді қамтыған инновациялық олимпиада. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D үлгілеу секілді ғылымдардан тұрады. Қазақстанда STEM зертханалары былтырдан бастап ашыла бастады. Олардың алғашқысы елордадағы №41 мектепке орнатылды. Ал бүгінде елімізде 90-нан астам STEM зертхана жұмыс істеп тұр.

Түркітілдес журналистер қоры

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи