IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2020 жылдың наурыз айында өткізеді деп хабарлады vesti.kz. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Херн мәлімдеді. Ол осы жылдан бастап GGG-мен жұмыс істейді.
Оның айтуынша, Головкиннің ең мықты қарсыласы - поляк ұлтының өкілі, Камиль Шеремет. Олардың жекпе-жегінің өтуіне Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рұқсат берді.
«Головкиннің Шереметамен 28 наурызда кездесу ықтималдығы жоғары», - деді Хирн Bokser.org-ке сілтеме жасап.
Самал Қожамжарова
Оставить комментарий