Алматы облысы Ақсу аудандық сотында қытай елінің жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған Қызылағаштың бес тұрғынына қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатынбыз.
Алайда, қамалғандарды қолдауға келген 500-ге жуық адам сот отырысының бүгін өтуін талап етуде. Олардың наразылығын тудырған тағы бір жайт, іс барысында қазақстандық полиция қызметкері "Қытайларды қазақтар соққыға жықты" деп Қызылағаштың 5 тұрғынына қарсы куәгер болғаны.
Жәбірленуші куәгердің сөзінше, ол сол жердегі азаматтарды құтқармақ болған.
– Мен қорғағым келді. Оқиғаның өршіп кетуіне жол бермедім. Барлығын қорғадым, – деді куәгер.
Еске сала кетсек, биыл 8 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының тұрғындары қытай азаматтарын соққыға жыққаны туралы хабарланған болатын. Оған себеп, "Citic Construction" компаниясында жұмыс істейтін қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы қақтығыс-тын. Қытайлық жұмысшылардың арызы бойынша Қызылағаш ауылының тұрғындары Берікбол Рысалдинов, ағайынды Бейбіт және Нұрбол Мұхметалин, Еркін мен Сарқыт Салхановтар ұсталған. Олар қасақана дене жарақатын келтіргені үшін айыпталуда.
Оставить комментарий