Қызылағаштағы бес қазақтың соты жабық жағдайда уақытынан бұрын өтті

/image/2019/12/25/crop-16_24_436x581_2019_12_24_crop-10_17_755x1007_whatsapp-image-2019-12-24-at-10.04.14.jpeg

Қытай елінің жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының бес тұрғынына қатысты сот отырысы бүгін сағат 3-ке белгіленген. Оны аудандық прокурордың орынбасары Әділет Асқарұлы кеше мәлім еткен болатын.

Алайда ресми мәлімделместен 5 жігіттің ісі бүгін түске дейін қаралып, оларды шартты мерзімге кесіп, бостандыққа шығарған.

Алматы облысы Ақсу аудандық соты ғимаратының алдында 200-ге жуық адам жиналып, соттың жабық жағдайда, отырыс уақытының ауыстырылғанына, оны ешкімге хабарламағанына наразылықтарын білдірді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи