Назарбаев ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

/image/2019/12/27/crop-139_3_532x710_1043523808.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маңында Bek Air жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы әуежайынан ұшқан "Bek Air" әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабарды терең қайғымен қабылдадым. Жақындарын жоғалтқан туыс-жақындарының қайғы-қасіретімен бөлісе отырып, қаза болғандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын және барлық жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулерін тілеймін", - делінген жеделхатта.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи