Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептері туралы айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.
ІІМ-нің тергеу тобы Алматыда болған әуеапатын тергеп жатыр. Қазіргі таңда үш нұсқа қаралуда. Бірінші: экипаж қателігі. Екінші: ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші: навигациялық қызмет жұмысы, деді ведомство басшысы үкімет отырысы кезінде тілшілерге.
Бүгінде апат орны тексеріліп, әуе кемесін бөлшектеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұшақ әуежай аумағына жеткізіліп, сол жерде мұқият тексерілмек.
Оставить комментарий