Бұл туралы "Qozǵalys KZ" жастар қоғамдық қозғалысының төрағасы Аслан Кабагенов өзінің facebook-тағы парақшасында хабарлады.
"Достық үйінде қалалық халық тыңдалымы өтті. Бұл жиында қарастырылған мәселе – Қарағанды қаласындағы 10 көшенің атауын ауыстыру туралы, оның ішінде, қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлғалары – Абай Құнанбайұлы, Қасым Аманжолов, Александр Затаевич, Қазыбек Нұржанов, т.б. атауларымен өзгертілді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, қоғамның атынан бір ауыз шешім қабылданды. Бұл тыңдалым Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы – Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтановтың төрағалығымен өтті. Көше атауларын ауыстырудағы басты мақсат – еліміздің тарихы, мәдениеті, әдебиеті жағынан дамытуға үлес қосқан ұлы тұлғаларды дәріптеу, сонымен қатар жастардың, болашақ ұрпақтың туған жерін, туып-өскен өлкесін насихаттап, Отанымен мақтан тұтуға, өз елінің тарихи жерлерін үнемі есте сақтап жүруге тәрбилеу болып табылады. Ең бастысы – ұлы ақын, философ, қазақ әдебиетінің пайғамбары Абай Құнанбайұлының атына көше атауын беру – ұлтымыздың рухын арттырады деген сенімдеміз. Тыңдалымның соңы Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін тебіреніспен айтқан халықтың патриоттық сезімінің артуына үлкен септігін тигізуімен аяқталды" делінген жазбада.
Жиынға қатысқан жергілікті кәсіпкер Ержан Әшімов "кәсіпкер ретінде қаншама қаражатты салыққа төлеп отырған адаммын, егер қажет болса осы көше атауларына кететін қаражатты мен төлеп берейін", деп ұсыныс тастаған.
Оставить комментарий