Димаш Джеки Чан түсірген фильмнің саунтрегін орындады (видео)

/image/2020/01/17/crop-14_92_802x1070_82869759_1178859762505271_2776189976308737814_n.jpg

Бұл туралы әртіс инстаграмдағы парақшасында жазды.

"Достар, сіздерге айтар жаңалығым бар! Мен Джеки Чанның жаңадан шыққан «Авангард» фильмінің саундтрегін орындадым. Киноға барып, менің әніме де өз бағаларыңызды беріңіздер) Бүгін өткен фильмнің тұсаукесерінде баршамыздың сүйікті актеріміз Джеки Чанның ондаған жылдар бойы айтып жүрген танымал әнінің қайырмасын орындау кезіндегі үзіндіні ұсынамын" делінген жазбада.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген парақшасына фильм тұсаукесерінен түсірілген видеоны салды. Онда әртіс фильмнің адамды жақсылықтан, арманнан күдер үзбеуге шақыратынын айтып, саундтректің үзіндісін орындап берді.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи