Құрметті Серік Нығметұлы!
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деп атап көрсетті. Содан бері елімізде ұлт рухын көтеретін іс-шаралар жасалып, нақты нәтижеге қол жете бастады.
![](/uploads/image_news/20170708151029631.jpg)
Құрметті Серік Нығметұлы!
Бүгінде еліміз Тәуелсіздік алғанда азаттық үшін жан қиған ұлы бабамыздың басын Отанына қайтарып, жер қойнына тапсыра алмай жатқанымыз ұлттық қасірет туғызып отыр. Әлем танып, ер Кенекем атпен жүрген жердің асты мен үсті байлыққа кенелгенде ұрпақтарының осылай қолы байланып, намысы қайралып отыра береме?! Кезінде ұлы ақын бабамыз – Махамбет Өтемісұлының басын оның туыстары, ұлтжанды азаматтар Ресейден әкеліп, туған жердің топырағына тапсыра алды емес пе?!Бабамыздың басын қайтаруға байланысты біздің ұсынысымыз бар: Үкімет қаражатын қарастырып тарихшы-жазушылардан жұмыс тобы құрылса. Топқа Кенесары идеясына берілген бір азаматты жетекшілікке бекітіп, Ресей Үкіметімен келіссөз жүргізуге құқық берілсе. Олар бұрынғы жолмен жүріп – қағазбасты болмай, істі бірден бастап, Кенесары ханның басын алып оралса.
Ең соңғы ханымыз Тәуелсіздік жолында жан қиған Кенесары ханның басын қайтара алмасақ елдігімізге сын! Сондықтан ойланайық, ағайын!
Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары
Оставить комментарий