ҚР тұңғыш президенті Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат өзінің түрмеде болғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Кешірім сұраймын, мен 2019 жылдың 8 маусымынан бастап fecebook парақшасын қолдана алмадым. Парақшамды анам мен Алнұр Мұсаев қолданған. Мен түрмеде болдым. Сондай-ақ жақындарым мен менің арамда біраз мәселелер туындады. Менің атам бәріңізге болған жайтты айтып бере алады деп ойлаймын. Ата біз жеңдік", - деп жазды Айсұлтан Рахат.
Еске салсақ, 2019 жылдың маусым айында Лондон қаласындағы пәтерлердің бірінде Айсұлтан Рахат ұсталды. Британияның "mail online" сайтының дерегі бойынша, Айсұлтан Рахат Лондонның Covent Garden пәтерінде бұзақылық жасаған. Ол полиция өкілімен текетірес барысында қол жұмсап, оның қолын тістеп алған. Куәгерлердің айтуынша, полицейдің қолының тістелген жері қан болып, жедел жәрдем шақыртқан.
Оставить комментарий