Бүгін Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат өзінің facebook парақшасына бірнеше жазба қалдырып, өзіне қауіп төнгенін және отбасы арасында бірнеше мәселе бар екенін жазған болатын.
"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Инга Иманбай Айсұлтан Рахатқа хабарласып, мән-жайды білмек болған. Онысын видеоға түсіріп, өзінің facebook парақшасына жариялады.
Өзін "Айсұлтанмын" деп таныстырған тұтқаның арғы жағындағы адам өміріне қауіп төніп тұрғанын растады.
"Маған туған анамнан қауіп төніп тұр. Оны түсіндіру үшін және анамның көп жылдар бойы немен айналысатынын айтып беру үшін өте көп уақыт керек, - деді ол. Сол кезде байланыс үзілді.
Оставить комментарий