Коронавирустан қайтыс болғандар саны 106-ға жетті

/image/2020/01/28/crop-76_7_281x375_photo_306266.jpeg

Қытайда коронавирустың жаңа түрі – пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 4515 адамға жетті, олардың 106-сы қайтыс болды, деп хабарлайды ria.ru.

Ресми ақпарттарға сүйенсек, бір күн бұрын жұқпалы дертпен ауыратындар саны 2744-ке жеткен, оның ішінде 80-і қайтыс болды. Бір күнде пневмонияға тағы да 1771 адамның шалдыққаны анықталып, 26 адам көз жұмған. 

Гонконгта инфекцияға шалдығудың 8 жағдайы расталған, Макаода 7 және Тайваньда 5 жағдай анықталды. 

Ауру ошағы – Хубэй провинциясында қайтыс болғандар саны 106-ға жетсе, оның 100-інен вирус тікелей таралған. Қазіргі таңда 60-қа жуық науқас ауруханадан шығарылды.

Вируысты жұқтырған болуы мүмкін делінген 6973 адам, науқастармен тығыз байланыста болған 44132 адам бақылауда тұр. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи