Апат ешкімге айтып келмейді. Адамды дел-сал етіп тастайтын неше түрлі апаттар жетерлік, мейлі ол от, жел және сел болсын. Бұның бәрі адам баласы үшін ең аса қауіпті апаттардың бірі болып саналады.
Апат адамдарды физиологиялық, психологиялық және материалдық тоқырауларға алып келеді. Апаттың болу салдарынан адамда байбалам (паника) басталады яғни арты психологиялық ШОК болады. Шок кезінде адамдар өміріне қауіп төнуден алаңдайды. Осындай зақымдарды айта кетсек: табиғи зұлматтар, апаттар, ұрлап кету, зорлап кету, жақын адамыңнан айырылу, көп ота жасату, ажырасу, жұмысынан айырылу т.с.с. Бұның бәрі кенеттен болған жағдайда адамға қатты қорқыныш сезімін алып келеді. Арты кей адамдар сол қиыншылықты көтере алмай өз-өзіне қол жұмсайтындар (суицид) да кездеседі. Адамдар абдырып не істеп, не қоярын білмей дел сал күйінде жүреді. Ал медициналық қарапайым тілде жеткізсек, апатты көзімен көрген адамның қан тамырлары тарылып, миға ауа жеткілікті түрде бармай, осы уақытта мидың қабылдау жұмысы біраз уақытқа тоқталады. Бұндай кезде бірінші психологиялық көмек көрсету қажеттілігі туындайды, апаттың түрлеріне байланысты алдын алу шараларын іске асыру міндетті.
Төтенше жағдайлар кезінде адамдарда неше түрлі психологиялық құбылыстар пайда болады олар:
Сандырақ
Елестетушілік
Көңілсіздік
Агрессия
Қорқыныш
Жүйке жүйесінің әлсіреуі
Жылау
Ұстамалы ауру (Истерика). Міне осылар төтенше жағадай кезінде адамдарда кездеседі.
Осы аптты жағдайдан кейін психолоиялық кеңестер:
- Психологтың көмегіне жүгіну немесе ондай мүмкіндік болмаса, қағаз бен қаламсап алып, болған жайтты жазу. Бұл дұрыс шешім, себебі адам іште сақтап қалғаннан көрі сыртқа шығарғаны абзал.
- Төтенше жағдайдың әсері және шок кезінде ең бастысы сабырлық таныту керек. Бұның бәрі табиғаттың тосын жағдайы екеніне сену.
- Өмір бұнымен бітпейтіне сенім арту. Сонымен қатар өмірге және жақын адамдарыңа керектігін сезіну.
- Жеке қарым-қатынас бойынша жұмыс істеу
- Ішімдік және құрамында алкогольді заттардан аулақ болу.
- Зардаптан кейін барлық нәрсені ұмытуға тырысу және жақсылап дем алу.
- Алдына мақсат қою арқылы міндеттерді орындап алға ұмтылуға тырысу.
Ермек Нұрымов