2019 жылғы желтоқсанда қияр келісінің орташа бағасы 458 теңгені құраса, қаңтарда 561 теңгеге жеткен. Ең жоғары өсім елордада кездескен. Онда көкеністің келісі 549 теңгеден 1001 теңгеге дейін өскен.
Қызанақ құны 474 теңгеден 548 теңгеге қымбаттаған. Қымбатшылықтың ең жоғары көрсеткіші мұнда да астанада тіркеліп отыр. Одан кейінгі сатыда Семей қаласы. Онда қызанақтың келісі 751 теңгеден сатылып жатыр.
Сондай-ақ қаңтарда қырыққабат 2,6 пайызға, қызылша – 2,1%-ға, алма – 1,7%-ға, сәбіз – 1,5%-ға, пияз – 2,1%-ға, картоп – 2,1%-ға қымбаттаған.
Оставить комментарий