Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан дерегін негізге алып.
Әлеуметтік желі қолданушылары көлік боранды күндердегі үлкен жүктемеге шыдас бермеген болуы мүмкін деп топшылауда.
Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 қаңтар күні түскі уақытта Ақмола облысы Шортанды ауданында Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолынан 44 шақырым жердегі Бозайғыр ауылының маңында болған.
Супра маркалы көліктің «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясына тиесілі екендігі анықталды.
Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру қорытындысы бойынша көліктің өртенуіне сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрттен көліктің кабинасы мен қозғалтқышына зақым келген.
39 жастағы көлік жүргізуші дін-аман.
Аяулым Шопан
Оставить комментарий