Абайдың 170 жылдығында өтетін шаралар

/uploads/thumbnail/20170708190824310_small.jpg

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі  «Абай және әлемдік өркениет» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынан бастау алады. Конференцияға шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философ, тарихшылар, әлеуметтанушылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәржімалаған шетелдік аудармашылар қатысады.  

Ағымдағы жылғы мерейтойда Хәкім Абайдың келбеті жаңа қырынан таныла түспек. Мемлекеттік тілді дамыту қорының қаржыландыруымен, Ақберен Елгезектің авторлығымен түсірілген «Абай» деректі фильмінің тұсауы кесіледі. Деректі фильмде көрермен-қауым халық ағартушысы Абайды жаңа қырынан тани отырып, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен және басқа да осы уақытқа дейін беймәлім болып келген тұстарымен таныса алады.

Абай атындағы театрда «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты шарасы өтеді. Артынша дәл осы театрда көрнекті өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын табады.

Абайдың 170 жылдығында қонақ ретінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, түркітанушылар, ғалымдар, профессорлар және Абай шығармасын аударған шетелдік жазушылар келеді. 

Мерекелік шаралар 7-ші тамызда Абай ауданында жалғасады. Ауданында орналасқан  этноауыл, мұражай-үйі, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, «Еңлік-Кебек» ескерткішінде болған шара қонақтары, Мамай батыр ескерткішінің ашылу салтанатында қатысады. Сондай-ақ, бұл күні Қарауылда Қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты, «Жорға жарыс», «Аламан бәйге», «Абай тойының бас палуаны» сынды сайыстар өтетін болады. Жоспарланған іс-шаралар «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты Республикалық ақындар айтысына ұласады. Байрақты бәсекеге еліміздің әр аумағынан келген  12 үздік айтыскер қатысады. Олардың арасында Серікзат Дүйенғазин, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев сынды танымал айтыскерлер бақ сынасады.

 Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаған ағартушы. Абайдың артында  қазақ халқының алтын қазынасы -170 өлең, 56 аударма, поэма, 40 «Қара сөз» және бүгінгі күні танымал 200-ге жуық әндері мен күйлері қалған.

Связанные Статьи