Қазақстандық 20 азамат Гуанчжоу мен Құлжа қалаларында болып қайтқан. Олар Панфилов ауданында орналасқан "Нұр жолы" пунктінен шекарадан өтіпті. Тепловизор құралымен тексеріс барысында екі азаматтың дене қызуы көтеріліп тұрғаны анықталған, деп жазады ktk.kz.
"Олар дереу түрде басқаларынан алшақтатылып, Панфилов ауданы ауруханасының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына орналастырылды. Дәрігерлер сараптамалық жұмыстар жүргізуде. Бұған қоса автобуста болған тағы 19 адам бақылауға алынып, госпитальға жатқызылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайтындығы туралы мәлімдеген еді.
Олардың дерегінше, Қытайда 1300 қазақстандық азамат жүр.
Оставить комментарий