Экс-әкім пара алғанын мойындады

/image/2020/01/31/crop-66_17_726x968_9d6814f1-a608-4d5b-b494-2803b88b177e.jpeg

"Байқоңыр" ауданының экс-әкімі Асқар Есілов пара алғанын өз еркімен мойындады. Сол үшін құқық қорғау органдары әкімді қамауға алмаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысы  түсініктеме берді.

Агенттіктің алқа отырысы барысында тиісті департаменттің өкілі Бауыржан Балғабековке отырыстың кулуарда сұрақ қойылған еді. 

Департамент басшысының орынбасарының сөзіне сүйенсек, экс-әкім орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойғаны үшін айыпталып отыр. Оған қоса, пара алған. 

Балғабековтің айтуынша, ол өз кінәсін толығымен мойындағандықтан  қамауға алған жоқпыз. Бүгінде қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, шенеуніктің алған парасына қарай 20-80 еселенген сома көлемінде айыппұл салынады немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 



 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи