Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылады, деп хабарлайды ktk телеарнасы.
Жергілікті тұрғын Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиевтің өз кабинетінде карта ойнап отырған сәтін видеоға түсіріп алған.
Әзірге әкім мен оның жанындағы адамдар қандай ойын және қандай бәспен ойнағаны белгісіз.
Құмар ойын ойнаған әкім кінәсін бірден мойындап, облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты. Ол мұндай келеңсіз жағдайлар енді қайталанбайды деп ақталғанымен, кеңес мүшелері оған сенбей отыр.
Енді оны ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.
Оставить комментарий