Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай әуелі Маржан Рақай есімді желі қолданушы facebook парақшасына Тараз қаласының әкімінен көмек сұрай келген көпбалалы ата-ананың видеосын жариялаған.
«Қариясын қарамай, қалдырып, қаңғытып кеткен қазақтар. 11 бала туып, өсіріп, қанаттандырған қарттар бұл! «Бірі әкім, бірі президент болады деп, ешқайсысының бетінен қақпай өсірдім», – деп егіледі кейуана. «Біреуіне де қол көтеріп, тәйт демедім», – деп езіледі қария.
Осы ретте, видео авторы келеңсіз жәйітті көріп жүрегі жұлынып кетердей болғанын айтады:
"Бұл не сұмдық болды, Аллам-ай?! 11 балаң бола тұра, осы жасқа келгенде қараусыз қалған деген қандай қорқынышты, қандай қасірет еді... Қазақ мұндай болмаса керек-ті... Кім болып кеттік, қайда барамыз? Осы қарттардың көз жасы, наласы жібере ме бізді, көгерте ме ұрпағын? Бірін-бірі сүйрелей, бірін-бірі демеп, Тараз қаласының әкімінен көмек сұрай келіпті. Қайтсін енді?.. Көз жасын тыя алмай отырған кемпірінің бетінен сүртіп, «Жыламашы, жаным! 18 жасында қолыма қондырған аққуым ғой», – деп жұбатып қояды ата. Кешіріңіздерші бізді. Біз сондай тасбауыр болып барамыз... Жәніім апа-ай...» деп жазды Маржан Рақай.
Жазба астына пікір қалдырған көпшіліктің ашу-ызаға толы сөздері толастар емес. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген он бір баланың опасыздығы желі қолданушылардың жиіркенішін туғызды.
Олардың бірі «Өкінішті, өте өкінішті! Сонда анау ұл-қыздары қалай ел-жұрттың көзіне қарайды екен? Қалай мына қара жердің үстінде табан тіліп жүр екен?» десе, енді біреулері «Ит екен балалары! Басқа сөзім жоқ», «Алла-ай, балаларының өз бастарына келсін, санасыздар!», «Қатындарының соңынан кеткен-ау, сүмелек ұлдары!», «Айуан ұл-қыздардың атын атап, түсін түстеп көрсету керек. Жекжат-жұрағаты танып, теріс айналуы үшін. Сонда жалғыздықтың дәмін татады. Басына түспейтіндей көрінетін шығар оларға. Қоғам дертін осылай қоғам боп емдеу керек» – деп жатыр.
Тіпті, келесі бір пікір иесінің «Бір ата-ана он баланы баға алады, он бала жабылып, бір ата-ананы баға алмайды. Еее, «Бір кем дүние» деген сөзі жұрт көкірегіндегі ойды дөп басқандай.
Оставить комментарий