Қордай ауданында техногендік төтенше жағдай жарияланды

/image/2020/02/11/crop-140_58_465x620_054724634900.webp

Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының Масанчи ауылында болған оқиғаға байланысты неліктен әлеуметтік емес техногендік төтенше жағдай жариялағаны туралы мәлімдеме жасады.

– Өздеріңіз көргендей ауылдағы тұрғын үйлердің барлығы дерлік жарамсыз күйде. Өртенген, қираған материалдық заттар мен үйлерді қайта қалпына келтіру үшін техногендік төтенше жағдай жариялауды жөн деп білeм, – деді Сапарбаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

– Біз барлық тұрғын үйлерді, сауда орталықтарын қайта тұрғызып, жолдардағы қиранды материалдарды тазартуымыз керек. Сонымен қатар қазіргі таңда ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі және қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына әлеуметтік көмек көрсетіледі – деп барлық жағдайды ескеретінін атап өтті.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи