Ақылбек Ихданов Орталық сайлау комиссиясынан кетті

/image/2020/02/12/crop-91_16_464x618_20180905104625.jpg

Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға Мәжіліс депутаттары бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мақұлданды.

а

– Паламент Мәжілісіне ОСК мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихдановтың өкілеттігін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түсті. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 19-бабы 6-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі өз еркімен өтініш берген жағдайда, міндетін атқарудан босатылады. Осыған байланысты біз Ақылбек Ихдановтың ОСК мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз, – деді отырыста мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға Мәжіліс депутаттары бірауыздан дауыс берді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи