Қоғамда зор дүмпу тудырған «Масаншы» оқиғасы біраз шенеуніктің тағдырын шешті. Ауыс-түйіс те әлі аяқталмаған сыңайлы
Айталық, осыған дейін облыс басшысы Асқар Мырзахметов пен полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қызметтерінен кетсе, енді Жамбыл облысының прокуроры Жарқын Құсайынов та осы тізімге қосылды.
Сөйтіп, мемлекет басшысының келісімі негізінде ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды.
Ал, осыған дейін Жамбыл облысы прокуроры лауазымын атқарған Ж.Қ. Құсайынов Бас прокуратураның қарамағына ауысты.
Оставить комментарий