Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы әкіме Архимед Мұхамбетовты қабылдады деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын және президент тапсырмаларын орынду туралы Қостанай облысының әкімінің есебін тыңдады..
Архимед Мұхамбетов аймақтағы тұрғын үй құрылысының қарқынды деңгейде дамып жатқанын, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да әкімшілік тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын, мүгедектерді автокөлік транспортымен қамтамасыз еткенін мәлімдеді. Сонымен қатар қолға алынған маңызды индустриялық жобаларды талқылады.
Президент азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қадағалауды және Арқалық жылу энергетика станциясын қалпына келтіруді тапсырды.
Оставить комментарий