Түркия азаматы елден шығарылуы мүмкін (видео)

/image/2020/02/13/crop-34_0_428x761_32b4c3f6-c466-4832-81a1-1ea9871c3f4b.jpeg

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі polisia.kz дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

12 ақпан күні сағат 18:28-де Нұр-Сұлтан қаласының ПД жедел басқару орталығына Mega Silk Way ойын-сауық орталығында 1985 жылы дүниеге келген Түркия азаматының ішімдікке мастанып, өзін пышақпен жарақаттамақ болғаны жайлы хабарлама жеткен.

Іле-шала оқиғаның қалай болғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Өз кезегінде шетел азаматының қоғамдық орындағы бұл әрекеті желі қолданушылардың ашу-ызасын тудырмай қоймады. Олар мұндай бассыздыққа қарапайым халық көп жүретін қоғамдық орындарда жол берілмеуі керектігін, көбіне осындай оқиғаларға Қазақстанға әр түрлі себептермен келетін шетел азаматтарының қадағаланбауы себеп болатынын айтады.

Абырой болғанда оқиға орнында болған адамдар оның қолындағы пышақты тартып алған. Нәтижесінде, айналасындағы үрейленген қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта ол ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуда. Тіпті, ел аумағында қарапайым тұрғындар өміріне қауіп төндірген шетел азаматын елден шығару мәселесі де қаралып жатыр.

Осы ретте, қалалық полиция бөлімі қауіпті азаматтың қолынан дер кезінде суық қаруды тартып алып, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жандарға алғыс білдірді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи