Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасы дерегіне сүйене отырып хабарлайды.
Белгілі болғандай, өрт кешке шыққан. Қызыл жалынды байқаған ауылдастарының бірі әкімге хабарлаған. Оқыс оқиғадан хабардар болған құтқару қызметі шұғыл жеткенімен кеш болған.
Кесірінен бір үйлі жан – 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласы өрт құрсауынан шыға алмай күйіп кеткен.
«Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы – 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды», - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.
Осы ретте, өрт сөндірушілер тұтанған оттың жылдам өршуіне үйдің сабаннан соғылғаны себеп болғанын айтады.
Ал тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз болып отыр.
Оставить комментарий