Қордайдағы оқиғаның нүктесі: 185 адам жапа шегіп, 39 үй өртке оранған

/image/2020/02/15/crop-169_11_706x942_kordapm.jpg

Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі аймақтық штабтың отырысын өткізді деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық штабтың мәліметінше, 185 адам жарақат алып, 34-і ауруханаларға жатқызылған. Сондай-ақ 39 тұрғын-үй, 20 сауда орталық нысаны және 47 автокөлік өртке оранған. 

Ағымдағы жылдың 7-13 ақпан аралығында Қордай, Қарасу, Аухатти, Сортобе пунктері арқылы Қырғыз Республикасына  23 131 адам өтіп кеткен, ал 21 261 адам қайта оралған. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи