"Біріншіден, жоғары табыс, жылдам баю, жылдам пайда алу уәделері нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары. Екіншіден, ұйымдастырушыларда арнайы лицензиялардың болмауы, ал қаржы нарығындағы қызмет көрсетушілерде міндетті түрде мемлекеттік лицензия болуы тиіс. Үшіншіден, нақты инвестициялық қызмет болмағанына қарамастан агрессивті жарнама.
Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы заңсыз табыс табу бойынша қызмет жасаушылар мен басшыларына қатысты ҚК-нің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Прокуратура органдары елорда тұрғындарына заң тұрғысынан күмәнді жолмен табыс табудан бас тартуды ұсынады" деп хабарланды прокуратура мәлімдемесінде.
Оставить комментарий