Коронавирус: Қытай қолданыстағы ақшаның бір бөлігін жоймақшы

/image/2020/02/18/crop-13_0_451x801_5a604fd1370f2c23228b45b9.jpg

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Business Insider сайты дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Қысқа мәліметте коммерциялық банктерге коронавирус жұқтырған аймақтардан алынған ақшаның қатаң қадағалатыны айтылған. Нақтырақ айтқанда, жекелеген банктерге "қауіпті" ақшаны орталық банкке өткізу тапсырылып отыр.

Алайда, әзірге жойылатын ақша мөлшері туралы нақты ақпарат еш жерде жарияланбаған.

Бір анығы,  мұндай қадағалауға алынған ақша толық жойылмайды. Оның қандай да бір бөлігі залалсыздандырылып, екі аптадан кейін айналымға қайта шығарылмақ.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі Қытай қазақтарының үйлеріне де жетті

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи