Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

/image/2020/02/20/crop-42_8_515x687_200220182805100e.jpeg

Бүгін елорда тұрғындары "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесіп, тілек-өтініштерін айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында қала тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек даулары, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу және тағы басқа да мәселелерін айтты. 

Сондай-ақ, қала тұрғыны Е. Назипа "мемлекеттік органдар әрбір өтініш талапқа жауапкершілікпен қарап, сұрақтарға ашық әрі нақты жауап берді" деп алғысын білдірді. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи