Әскери бөлімнен қашқан азамат ұсталды

/image/2020/02/20/crop-69_3_716x955_iim.jpg

Әскери бөлімнен қаруланып қашқан азаматты ұстау операциясы аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. 

Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақтарды ұрлап,  әскери бөлімді рұқсатсыз тастап кеткен 1995 жылғы Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады.

Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 291-бабы, қару ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Балғынбай Абылай

Кіші сержант сол күні кезекшілікте болуы керек еді. Алайда қару-жарақтарды ұрлап, бөлімді қараусыз қалдырып, қашып кеткен.

Кіші сержант

Қару сақтайтын қоймада қарудың жетіспеушілігі анықталған. Мәлім болған  ақпараттардан кейін жоғалған қару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи