Жастарға арналған пәтерлерге құжат қабылдау басталды

/image/2020/02/26/crop-12_10_581x774_280357e947f6ddf0eakkent-7741-almatyakkent.jpg
 

Алматыда жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүруде. Құжаттарды 6 наурызға дейін өткізуге болады.

Сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін үйлердің бұл жолғы легінде Алатау ауданы Ақкент шағынауданында екі бөлмелі 114 пәтер тапсырылмақ. Пәтерлердің жалдау ақысы 5 мың мен 12 мың теңге аралығында.

Өтініштер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады.

Бағдарламаға 29 жасқа толмаған, соңғы екі жылда Алматы қаласында тіркеуде тұрған, жалақысы 101 мың теңгеден асатын, банкте депозиті бар, өтініш тапсырушы мен жұбайының атында үйі жоқ азаматтар қатыса алады.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көпұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи