Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бәсеңсігенімен, әлемнің басқа елдерінде бұл ауруды жұқтырған адамдардың саны күннен-күнге артуда. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жайлаған елдерде Қазақстанның қанша азаматы барын айтты.
– Әрине, бұл мәселе күрделі. Әрбір мемлекетте біздің қаншама азаматымыз бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 34 мың адам, Жапонияда 180 адам, Иранда 170-ке жуық азаматымыз бар. Бұл Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі. Бұл мәселе қатаң бақылауда, – деді Бекшин.
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауды ескертті.
Оставить комментарий