Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылына жақын жерде 45 жолаушысы бар автобус аударылды. Автобуста 45 жолаушыдан бөлек 3 жүргізуші болған. Бұл туралы diapazon.kz хабарлады.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус Шымкенттен Екатеринбургке бара жатқан. Жол апаты шамамен сағат 20.00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған. Автобус жолдың шетіне аударылып кеткен.
Автобустағы 3 жүргізуші - қазақстандық, ал қалған 45 жолаушы тәжікстандық. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларды құтқарушылар мен полицейлер эвакуациялаған.
Оставить комментарий