"Дулат Ағаділдің иығы көгеріп, саусағы қарайып кеткен"

/image/2020/02/28/crop-42_7_279x372_unnamed.jpg

Әлеуметтік желіде тергеу изоляторында қайтыс болған елордалық белсенді Дулат Ағаділдің мәйіті түсірілген видео тарауда. Видеоны түсіруші марқұмның денесінде бірнеше жарақат болғанын айтады.

Видеоны түсірген адам мәйіттің 2 күндік сараптамадан өткенін айтады. Бейнежазбадан марқұмның табанында, арқасында жарақат барын, иығының көгеріп, саусағының қарайып кеткенін байқауға болады. 

Осыған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров Дулат Ағаділ полиция қызметкерлері үйінен алып кеткен кезде мас болғанын айтқан. 

– Таңғы сағат 6-да тамағын ішкен. 7-де дәретханаға кетеді. Одан шығысымен тізерлеп отырып, есінен танып құлап қалған. Камерадағылар Ағаділдің денсаулығының нашарлағаны туралы бақылаушыға хабарлайды. Ол алғашқы медициналық жәрдем шақырады. Келген жедел жәрдем Ағаділдің көз жұмғанын тіркейді. Тексерген кезде денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Бүгінде оған жүрек қан-тамырларының жетіспеушілігі диагнозы қойылып отыр. Бейнекамера оның ұйықтап алмай, мазасынданып жүргенін көрсетті, – деп мәлімдеген болатын Заппаров.

Оставить комментарий

Связанные Статьи