Сауд Арабия электронды виза беруді неліктен тоқтатқанын түсіндірді

/image/2020/02/28/crop-118_4_436x581_photo_310278.jpeg

ҚР СІМ Сауд Арабиясының туристік виза беруді тоқтатуына байланысты түсінік берді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқашпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Елші Сауд Арабиясы билігінің бірқатар елдердің азаматтары үшін электрондық туристік визаларды беруді уақытша тоқтату жөніндегі таяудағы шешімі туралы мәселеге түсініктеме берді.

– А. Әл-Дауд умра жасау үшін қажылық визаларды, сондай-ақ туристік визаларды беру бүкіл әлем бойынша коронавирус індетінің кең таралуына байланысты тоқтатылғанын растады. Бұл шара уақытша және Корольдікке келетін әлемнің барлық мұсылмандарын қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, ол визаның іскерлік және басқа да түрлерін беру тоқтамағанын жеткізді, – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Сауд Елшісінің айтуынша, азаматтарға кіру тоқтатылған мемлекеттердің тізімі әлемде коронавирустың таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты жаңартылып тұрады. Сонымен қатар, бұл тізімге Қазақстанмен қатар Орталық Азияның басқа да елдері енгізілгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар коронавирустың таралуына байланысты өз елдеріндегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өзекті ақпаратпен алмасуға уағдаласты.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи