АҚШ-та коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Вирус жұқтырған адам Вашингтон штатында қайтыс болды. АҚШ мемлекеті инфекция елдің батыс жағалауында таралады деп қорқады. Соған байланысты елде коронавирусты зерттеу жұмысы жеделдей түсті.
Қазіргі таңда АҚШ-та коронавирустың 62 жағдайы тіркелді. Ал Италияда ауруды жұқтырғандар саны 1049 адамға жетті, оның 29 адам қайтыс болды.
Оставить комментарий