Тұрғымбаев: Заңсыз митингі кезінде 80-ге жуық адам ұсталды

/image/2020/03/02/crop-115_4_383x510_2019021214254512116_1524995.jpg

Қазақстанда заңсыз митинг кезінде 80-ге жуық адам ұсталған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олардың төртеуі жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 

Ұсталғандардың біреуіне айыппұл салынған. Ал үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Министрдің айтуынша, қамауға алынғандардың екеуі полицейге қарсылық көрсеткен, ал біреуі заңсыз митингі ұйымдастырған. 

– Қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданды. Сексенге жуық азамат полиция органдарына жеткізілді. Профилактикадан кейін барлығы үйіне жіберілді, - деді Тұрғымбаев.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи