Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 3100-ден асты

/image/2020/03/03/crop-92_2_340x453__111062110_060247775-1.jpg

Әлем бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 3 114 адамға жеткен. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді.

Қазіргі таңда инфекцияны жұқтырғандар 90 370 адамды құраса, оның 47 мыңы  дертінен айыққан. Қайтыс болғандар саны 2 943 науқас. Сондай-ақ, ауырған 80 151 науқас қытайлық азаматтар. Бүгінде коронавирус Қытайдан өзге әлемнің 64 елінде тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сүйенсек, Қытайда "COVID-19" инфекциясының таралуы азайғанымен, әлемнің өзге елдерінде керісінше, көбейіп жатыр. Атап айтар болсақ, Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапония. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи