Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

/image/2020/03/10/crop-54_2_387x516_224331.165247.6686.jpg

Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден коронавирустың жаңа түрі "COVID-19"-ды жұқтырды. Бұл туралы Rambler.ru хабарлады.

Ресми мәліметтерге сенсек, министрдің сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Ол қазіргі таңда Париждегі үйінде.  

Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған.

Қазір коронавирус 100 елге таралды. Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша, коронавирусты 113,773 адам жұқтырды, қайтыс болғандар саны – 4 008, ал жазылып шыққандар – 63,663 адам.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи