Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус келуі мүмкін ықтималды мерзімді атады. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
– Біздің болжамымызға сәйкес, 11-16 наурыз аралығында бізде коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана, бір апта ары, бір апта бері, коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы шаралар қолға алынады. Енді ол болжам орындалмасын деп тілейік, – деді Бекшин.
Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.
Оставить комментарий