Бас прокуратура: Қордайдағы жанжалдан кейін 5 адам ұсталды

/image/2020/03/11/crop-12_41_697x930_news_full1581581810575b7f8c1a8706b101ece2ba0bf1e732.jpg

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазақ-дүнген жанжалынан кейін 5 адам ұсталған. Бұл туралы  бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев хабарлады. 

"Қордайдағы оқиғаға байланысты 5 адам ұсталды. Олар бұзақылық, қарт адамды ұрып-соғу және полицейге бағынбау ісі бойынша ұсталған. Өртеу, адам өлтіру фактілері бойынша тергеу жалғасып жатыр. Әзірге ешкім ұсталған жоқ. Себебі онда материал көп. Барлық видеоматериалдар зерттелгеннен кейін шешім қабылданады", - деді Болат Дембаев. 

Ресми дерек бойынша, Қордайдағы джанжалдан 11 адам қаза тауып, 185 адам түрлі дене жарақатын алған. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи