"Оскар" сыйлығының 2 мәрте иегері, голливудтық танымал актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырған. Бұл туралы актердің өзі twitter парақшасына жазған.
"Сәлем достар! Мен әйеліммен бірген Аустралиядамын. Біз өзімізді шаршаңқы сезіндік, суық тигізіп алған секілді болдық. Сонымен бірге денемізде ауырсыну пайда болды. Тіпті Ританың қалтыраған кезі болды. Кейін бізге анализ жасап, тексерді. Біз коронавирус жұқтырғанымызды түсіндік. Өздеріңізді күтіңіздер" деп жазды актер.
— Tom Hanks (@tomhanks) March 12, 2020
Том Хэнкс "Үлкен" (Big),"Гудзондағы ғажайып" (Sully), "Жасыл миля" (Green mile) секілді танымал фильмдерге түскен.
Актердің ұлы қазір ата-анасының жағдайы жақсарғанын айтты.
"Иә, ата-анамнан коронавирус табылғаны рас. Қазір олар Аустралияда. Әкем түсірілім алаңында жүрген еді. Олармен телефон арқылы сөйлестім. Олардың қазір жағдайы жақсарды. Бірақ медициналық көмек керек. Барлығы жақсы болады деп үміттенемін" деді актердің ұлы Чет Хэнкс.
Оставить комментарий