Алматы облысы: Талғарда 11 сынып оқушысы көпірден секіріп қайтыс болды (видео)

/image/2020/03/12/crop-15_0_433x770_138255.jpg

Алматы облысы Талғар қаласында 11 сынып оқушысы көпірден секіріп қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Анықталғандай, оқиға 11 наурыз күні шамамен сағат 17:30 кезінде болған.

«Оқушы Талғар қаласындағы №2 мектепте оқыған. Көпір биік, асты тас, әрі судың ағыны қатты болған. 2004 жылғы қыз жағдайы жақсы отбасынан шыққан. Көпірден секірген кезде жанында жігіті болған деген болжам да қарастырылып жатыр. Нақты себебін анықтап жатырмыз» деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанкелді Өмірәлиев.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлаған.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи